Шетпеде спорттық марафон өтеді
Курс валют в Актау
на 12/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
12 Мая, 14:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Шетпеде спорттық марафон өтеді

26 Июля 2016 (17:02) | 2931 | Автор: Нурганым Имашева

 

Шетпе кентінің 50 жылдығы мен құрылысшылар күніне орай, өңірде алғаш рет спорттық марафон ұйымдастырылмақ. Спорттық шара барысында үш қашықтық бойынша жүгіру және веложарыс өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық филиалы алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында «КаспийЦемент» ЖШС бас директоры Кшиштоф Бурек мәлімдеді.

 

 «КаспийЦемент» зауытыгның басшысы өзі басшылық етіп отырған кәсіпорынның қызметі жайлы тілшілер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

 

Аалғаш рет 2013 жылы қарашада іске қосылып, клинкердің сынамалық топтамасын шығара бастаған Шетпедегі цемент зауытында негізгі өнімнің өндірілуі 2014 жылы басталды.

 

«КаспийЦемент» зауыты клинкерді өндіру кезінде құрғақ борды пайдаланатын әлемдегі бірегей зауыт. Зауыттың өндіріс өнімділігі жылына 800 мың тонна цементті құрайды. Қазіргі таңда өндіріс орнында 320 жұмысшы еңбек етуде. Зауыт қызметкерлерінің 60 пайызын Шетпе ауылы тұрғындары, 30 пайызын өңірдің өзге аудандары мен қала тұрғындары құрайды. Мамандардың 10 пайызы ғана шетелдік мамандар мен өзге аймақтан келген жұмысшылар. Сонымен қатар, жаңа кәсіпорынның іске қосылуы анәтижесінде ауданда жаңа жұмыс орындары ашылып, зауытқа сервистік және өзге қызметтерді көрсететін көптеген мердігерлік компаниялар да пайда болған.

 

Зауыт басшысы брифинг барсында «Кәсіпорында өндірілетін цементтің әлемдік стандарттарға сай әрі қоршаған ортаға зиянын барынша аз  тигізетін ең озық және «таза» технология бойынша шығарылатыны, зауыттың толығымен автоматтандырылғаны, онда ең озық үлгідегі заманауи жабдықтар орнатылғаны, зауыт өнімдерінің ішкі нарыққа бағытталғаны жайлы» баяндады. Директор сонымен қатар өндірілген өнімнің Маңғыстау өңірімен қоса Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарына, біршама бөлігі Ресейге жөнелтілетініне тоқталды.

 

«КаспийЦемент» ЖШС бас директоры Кшиштоф Бурек:

[quote] Біздің зауыт ҚР үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде аймақ экономикасын дамыту мақсатында бірқатар  нақты жұмыстарды атқарумен қатар жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағынан қорғалуына басты назар аударады.

Жыл сайын компания тарапынан Шетпе селосындағы темір жол үстінен өтетін көпір құрылысына, ауылішілік жолдар мен жол жиектерінің күрделі жөндеу жұмыстарына қомақты қаражат бөлінп келедіі. Сонымен қоса, аудан орталығында спорт алаңқайларын салуды қолға алып, көпбалалы әрі аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетуді үрдіске айналдырған. Тағы бір айта кететіні, Маңғыстау ауданында орын тепкен науқастарға арналған паллиативтік көмек көрсету орталығын (хоспис) салу жобасы мен Ман Ата кесенесінің құрылыс жұмыстарына қаржылай қолдау жасаған да «КаспийЦемент» ЖШC [/quote]

 

«КаспийЦемент» тарапынан «Құрылысшылар күніне орай облыстық әкімдіктің қолдауымен және компанияның ұйымдастыруымен спорттық ультрамарафон өтеді деп жоспарланған. Аталмыш спорттық шара 14 тамыз күні Шетпеде болады. Оған жас шамасы 18 бен 35 жас аралығындағы ер және әйел адамдар қатыса алады. Сондай-ақ, ұзақ қашықтыққа жүгіретін балалар марафоны да болады. Барлығы 48 жүлделі орын болмақ.

 

Директордың мәлімдеуінше, «Спорттық сайыс салауатты өмір салтын насихаттау, халықтың спортқа деген қызығушылығын ояту мақсатында ұйымдастырылмақ. Жүгіру марафоны 10, 25 және 50 шақырым қашықтықты қамтиды. Сонымен қоса веломарафон өткізілмек. Велосипедпен 10 шақырым жол жүріп өтілуі тиіс. Айта кететіні, сайыс оңайға соқпайтыны анық. Сондықтан оған қатысушылардың барлық қажеттіліктері ескеріліпі, сумен қамту әрі жедел мединицалық көмек көрсету жан-жақты қарастырылуда.             Марафонға қатысушылар алдын-ала сауалнама толтыруы тиіс. Физикалық жүктемені көтере алатындығына сенімді болған жағдайда ғана марафонға қатысуға рұқсат беріледі. Тамыз айында болатын өңірдегі аптап ыстық пен қапырық ауаның ағзаға түрлі әсер беруі мүмкін. Сол жағдайларды да ескеруге тиіспіз. Жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады».

 

[quote] Былтыр құрылысшылар күніне орай ұйымдастырылған спорттық сайыстар жеңімпаздарына цементтің қомақты көлемін табыстадық. Бас жүлдеге 5 тонна цемент берілді. Ақшалай сыйлықтар да болды. Биылғы бағалы сыйлықтар да жеңімпаздар көңілінен шығады деген сенімдемін»,-дейді цемент зауытының басшысы.[/quote]

 

Ескерте кетейік, марафонға қатысуға ниет танытқандар 8 тамызға дейін www.mangystaumarathon.kz сайты арқылы немесе Ақтау қаласы, 19-шағын аудан, «Ақбөкен» бизнес орталығында тіркеле алады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему